"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымының басында бір легионерінен қағылғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы хоккей клубы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Иэн Маккошен жарақат алғандар тізіміне енгізілді. "Трактормен" өткен матч барысында Иэн Маккошеннің мұрыны сынған. Қорғаушы жарақат алғандар тізіміне ауыстырылып, "Барыстың" алдағы ойындарынан босатылды", делінген жазбада.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді.