Әлеуметтік желіде Балқаштағы мектептерде әлдебіреулер терактілер жасауға дайындалып жатқаны туралы хабарламалар тарады — бұған қатысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қала әкімдігі мәліметінше, Telegram желісінде қала мектептеріне қатысты қауіп жөнінде жалған ақпарат таралып жатқанымен, бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды.
"Барлық мемлекеттік орган мен құқық қорғау қызметтері қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр, тұрғындардың қауіпсіздігі толық бақылауда. Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер, арандатушылыққа ермеңіздер және жалған ақпарат таратпаңыздар. Есіңізде болсын: жалған мәлімет тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі", — деп ескертті әкімдік өкілдері.
Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы да интернетте тараған теракт туралы хабарламаларды жалған деп атады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз