9 қыркүйектен бастап Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінің валюта бағамы тақтасын көшеде ілуге құқығы жоқ. Енді бұл ақпаратты қай жерден көруге болатынын NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінің көшелерге валюта бағамы таблосын орнатуына тыйым салатын ереже биыл 10 шілдеде жарияланғанымен, қаулы бүгіннен бастап, яғни 9 қыркүйекте күшіне енді.

Осы күннен бастап ақша айырбастау пункттерінің көшелерге мұндай ақпараттық стендтер орнатуға құқығы жоқ, өйткені кей жағдайда мұндай таблолар қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзып, жүргізушілерді алаңдатуы мүмкін.

Енді бағам таблолары тек айырбастау пункттерінің ішіне немесе кассаға қойылады.

Дегенмен, ескеретін жайт – бұл тыйымның бизнес орталықтарына, теміржол вокзалдарына, әуежайларға, шекаралық бақылау бекеттеріне және ойынханаларға қатысы жоқ.

Валюта бағамын желіден таба аласыз. Мысалы, екінші деңгейлі банктердің сайттарында немесе мобильді қосымшаларында және басқа интернет-ресурстардан көруге болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз