СҚО Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 9 жасар бала сарай ішінде сіріңкемен ойнап, үйді өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, бала сарайда сіріңкемен ойнап, қағаз тұтатып кеткен. Ол үйіне кетіп қалған кезде, өрт өршіп кеткен.

Қырағы көршілер шатыр астынан шыққан түтінді байқап, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, жалынды дер кезінде ауыздықтап, тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарын аман сақтап қалды.

Құтқарушылар ескертеді: "Отпен ойнау – ойын емес, ол өмір мен үйге төнген шынайы қауіп!"

Бұған дейін Жамбыл облысында әнші мен блогер көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын өрттен құтқарғанын жазғанбыз.