Қуанышбек Есекеев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 9 қыркүйекте Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды", – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.