Биыл магистратураға кешенді тестілеуге 51 мыңнан аса өтінім түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мыңға артық. Тестілеуге қатысқан 47 798 үміткердің ішінде 23 065 талапкер шекті балды еңсеріп, білім жолындағы табандылығын көрсетті.

Орташа балл да жоғарылады – 72,9. Бұл қазақстандық жастардың дайындық деңгейі мен ынтасының артып келе жатқанын айғақтайды.

Мемлекеттік гранттар үлестірілді

Магистратураға 13 554 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде:

  • инженерлік-техникалық бағыттарға – 3 338,
  • педагогикалық ғылымдарға – 3 225,
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 1 315,
  • жаратылыстану ғылымдарына – 1 268 грант.

Докторантураға сұраныс өсті

Докторантураға биыл 4 307 адам қатысып, оның 3 146-сы қабылдау сынағынан өтті. 2025-2026 оқу жылына 2 919 мемлекеттік грант бөлінді.

  • педагогикалық ғылымдарға – 486,
  • инженерлік және құрылыс салаларына – 615,
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 161 грант бөлінген.

Айта кетерлігі, докторантураға қабылдау енді толықтай жоғары оқу орындарының құзыретінде. Бұл университеттердің академиялық еркіндігі мен дербестігін арттырады.

Ғылым жолындағы жастардың миссиясы

Жаңа буын магистранттар мен докторанттар – Қазақстан ғылымын халықаралық деңгейге шығаратын күш. Олар елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, ұлттық мүддені әлемге танытатын маңызды буын болып отыр.