Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірген.

Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алған. Ол екінші және үш раундта да қарсыласынан басым түсіп, нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Енді Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бүгін Алуадан бөлек, тағы8 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз