9 қыркүйекте Катар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Axios тілшісі Барак Равид Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып, ХАМАС қозғалысының өкілдеріне қарсы соққылар бағытталғанын жеткізді.
9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль армиясы ХАМАС тобының жоғарғы басшылығына "тікелей соққы" жүргізгендерін растады. ЦАХАЛ мәлімдемесінде операцияның мақсаты 2023 жылдың 7 қазандағы шабуылға жауапты, Израильге қарсы іс-қимылдарды әлі де басқарушы адамдар болғандығы айтылады.
"Шабуыл алдында бейбіт тұрғындарға қатысты қауіпті азайту, соның ішінде жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер мен қосымша барлау ақпаратын пайдалану шаралары қабылданды", делінген армия хабарламасында.
Бұл ретте әскерилер қай елдімекен нысанға алынғанын нақтыламады. Әл Жазираның Хамастағы жоғары шенді дереккөзінің мәліметінше, шабуыл Дохадағы ұйым басшыларының кездесуі кезінде болған. Келіссөздер барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы атысты доғару туралы ұсынысы талқыланғаны айтылады.
Ал өз кезегінде Қатар ІІМ-нің ресми өкілі Израильдың бұл шабуылын айыптайтынын әрі оны "қорқақтыққа" балайтынын мәлімдеді. Өйткені жарылыс тұрғын үйлерді зақымдаған.