Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назым 48 келіге дейінгі салмықтың 1/8 финалында венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Назым алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Тіпті, екінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған. Сондай-ақ, бүгін Виктория Графеева да Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Ал ерлер арасында Махмұд Сабырхан косовалық қарсыласын нокаутқа түсірді. Ауыр салмақтағы боксшы Нұрбек Оралбай болса, қытайлық қарсыласына үш раунд бойы мүмкіндік бермеді.