Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 9 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
9 қыркүйекте рингке шығатын қазақ боксшылары:
Күндізгі сессия, басталуы – 16:00
- 51 келі. Алуа Балқыбекова – Гаюн Мун;
- 60 келі. Виктория Графеева – Люси Кингс-Уитли;
- 55 келі. Махмұд Сабырхан – Башким Бажоку;
- 80 келі. Нұрбек Оралбай – Тоқтарбек Таңатхан.
Кешкі сессия, басталуы – 22:00
48 келі. Назым Қызайбай – Лила Зелецкий;
50 келі. Санжар Тәшкенбай – Хутхайха Эшиш;
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов – Георгий Кушиташвили;
70 келі. Наталья Богданова – Сема Чалышкан;
65 келі. Ертуған Зейнулинов – Патрис Мугалзай.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетіп, оның алтауы ширек финалға шықты.
Өкінішке қарай, 75 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов украиналық Павло Илюшаға 3:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз