Астанада Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі аралығында жол жамылғысына орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты 10-22 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", — делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз