Бүгін, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Ресейде мигранттарды заңдастыру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 қыркүйекте Ресей Президентінің шетелдіктерге елде болу үшін заңды негіздерін жоғалтқан жағдайда құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік берген жарлығының күші жойылады. Бейсенбіден бастап заңсыз мигранттарға қатысты кейбір құқықтарды шектеу шаралары қолданыла бастайды, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу да бар.
Оларға некеге тұруға немесе ажырасуға тыйым салынады. Заңсыз мигранттар баласын балабақшаға немесе оқу орнына орналастыра алмайды, көлік жүргізу құқығынан айырылады, сондай-ақ күнделікті өмірде қажет өзге де қызметтерді ала алмайды.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін цифрлық жүйе енгізуді тапсырғанын жазғанбыз.