ҚР ІІМ халықты тіркеу ережесіне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты елорданың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елорданың жергілікті өкілді органы бекітетін, тұрғылықты жері және тұрғылықты жерінде уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, елорда аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеуді жүзеге асыру болып табылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді.
Құжат 11 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.