Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы өтенше және өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Іс-шараға Интерпол Ұлттық орталық бюросының басшысы, Корея Республикасындағы полиция атташесі Мерей Мақұлжан, саяси бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің 2-хатшысы Ким Иль Джунг, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов және басқалар қатысқан.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және ретке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар талқыланған.
Тараптар Қазақстанның оңтүстіккореялық жұмысқа орналасуға рұқсат беру – Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келіскен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз