Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсетуші Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты. Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалда өнер көрсетіп, енді күміс медальға таласатын болады.

Бұған дейін Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованың Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өткені хабарланған.