Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банкке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады.
Аталған күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз