Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыстан үш адам қайтыс болды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған.
"Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі барды", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылған.
"Барлық тергеу әрекеті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз