2025 жылғы 11 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин алдағы үш жылға арналған экономиканың пессимистік даму сценарийінің параметрлерін жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының пессимистік сценарийі бойынша ҰЭМ қандай доллар бағамын болжайтынын сұрады.

"Пессимистік сценарий бойынша – барреліне 50 доллар, оптимистік – 70 доллар. Доллар бағамы – 540 теңге, ал пессимистік сценарийде, меніңше, 560 теңге", – деп мәлімдеді Азамат Әмрин.

Бұған дейін 2026 жылы депутаттарға бюджеттен қанша қаржы бөлінетіндігін жазғанбыз.