Zakon.kz хабарлағандай, Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсер болып отырған Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімдері басталды.
Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия, Малайзия және Сербиядан келген музыкалық жоба қатысушылары пойызбен Түркістан қаласына жетті, деп хабарлады Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Түсірілім барысында шоу қатысушылары бірқатар маңызды туристік және мәдени нысандарды аралайды:
- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (Әзірет Сұлтан кешені);
- Отырар қалашығы;
- Karavansaray туристік кешені;
- этноауыл.
Қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.
"Түркістан облысындағы түсірілім кезеңі аяқталған соң, музыкалық шоу қатысушылары еліміздің басқа өңірлері бойынша шығармашылық сапарын жалғастырады. Халықаралық жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарын, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларын қамтиды", – делінген хабарламада.
Шоудың финалы Қазақстан астанасында өтеді.
Астанада түсірілген қысқаметражды фильм Ұлыбританиядағы беделді кинофестивальде екі марапатқа ұсынылған.