Қазақстанда бүгін, 2025 жылғы 12 қыркүйекте, жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісі 12:57-де "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген.
"Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан... Есептік қарқындылығы Қордай ауылында 2 баллды құрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Министрлікте атап өткендей, зардап шеккендер мен қираулар жөнінде мәлімет түспеген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 қыркүйекте Алматыдан 319 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болған еді. Одан кейін сейсмологтар ресми мәлімдеме жасаған болатын.