Күні кеше Маңғыстау облысындағы қорқынышты жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын Ұлттық ұланның арнайы ұшағы апат болған аймаққа қарай алып ұшты.

Ішкі істер министрлігі сол арқылы марқұмдардың артында қалған жақындарына қолдау көрсетіп, демеу болмақ.

«Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның арнайы борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына алып ұшты. Марқұмдардың жақындары мәйіттерді танып, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Осы ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізіп береді», – деп хабарлады ІІМ ресми өкілі – департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.