Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Алуа 1/2 финалда қытайлық Ци Синьюймен жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті екінші кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.