Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жеңіліп қалды.
Нұрқожа бұл кезеңде моңғол балуаны Тулга Тумур Очирмен кездесті. Белдесу қарсыластың пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.
Осылайша Нұрқожа Қайпанов қола жүлде үшін күресетін болады.