Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан әлем біріншілігінің чемпионы атанды. Отандасымыз ел қоржынына екінші алтын медальді түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездесті. Отандасымыз үш раунд бойы басымдық көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Махмұд Сабырхан ел қоржынына әлем чемпионатының екінші алтын медалін түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін әлем біріншілігінің алғашқы алтын медальді 50 келіге дейін салмақта бақ сынаған Санжар Тәшкенбай жеңіп алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз