"Қазгидромет" 2025 жылғы 15 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 15 өңірінде ауа райының қауіпті құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, облыстың солтүстістігінде, оңтүстігінде, орталығында дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 15 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының батысында найзағай, бұршақ, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 15 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 15 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 15 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 15 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі
Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 15 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысында оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.