Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева әлем біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол өзбекстандық спортшыны жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аида Әбікеева финалда өзбекстандық Навбахор Хамидоваға қарсы жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына әлем чемпионатының төртінші алтын медалін түсірді.
Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз