Отандық боксшы Наталья Богданова Ұлыбританияда өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды. Финалдық кездесуде отандасымыз австралиялық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наталья Богданова әлем чемпионатында 70 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Қазақстандық боксшы ақтық сында австралиялық Лекейша Перголитиді тізе бүктіріп, әлем біріншілігінің алтын жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, бұл ел қоржынына түскен әлем чемпионатының алтыншы алтыны болды.

Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды.

70 келіге дейін салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан мен 65 келіге дейін салмақта Қазақстан намысын қорғаған Аида Әбікеева да әлім біріншілігінің алтын жүлдесіне те болды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз