Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.
Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын", — деп жазды президент Instagram парақшасында.
Бокстан Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядағы әлем біріншілігін жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз