Ресей Федерациясының Хакасия Республикасында ер адам аңшылық кезінде танысын байқамай атып, оның өліміне себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лента.ру" басылымының жазуынша, Хакасия мен Краснояр өлкесінің Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы аңшының өз басшысын атып өлтіргенін растады.
Оқиға Таштып ауданындағы Кубайка ауылына жақын маңда болған. Абакан қаласынан келген бес адам аңға шыққан. Орманға кірер алдында олар екі топқа бөлінген.
Тергеу мәліметіне сәйкес, аңшылардың бірі кешке қарсы алдындағы адамды жабайы аң деп ойлап, оқ атқан. Жәбірленуші ішінен ауыр жарақат алып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.
"Абакан қаласының 36 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 109-бабының 1-бөлігі (абайсызда адам өліміне себеп болу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады тергеу органдары.
Бұған дейін АҚШ-та Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі Чарки Кирктің өлтірілгені жайлы жазғанбыз. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады. Көп ұзамай, күдікті де анықталды, ол небәрі 22 жастағы бозбала.