Биыл қазанда қазақстандықтарға ұлттық мереке – Республика күніне байланысты қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Осылайша келесі айда ел тұрғындары жалпы 9 күн демалады.
2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, Қазақстанда биыл қазанда ел тұрғындары 9 күн демалады. 25 қазан – Республика күні атап өтілетініне байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс алады.
2025 жылы Республика күні сенбіге түсіп тұр. Заң бойынша, егер ұлттық мереке демалыс күніне, яғни сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазанда демалады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз