Желіде Жамбыл облысынан қайғылы хабар тарады. Мектеп оқушылары арасындағы әжетханада болған жанжал қайғылы аяқталған. 9-сынып оқушысы күнқағар тұсына тиген соққыдан қаза болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады және аталған дерек бойынша ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.
Сондай-ақ күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта істі толық, объективті әрі жан-жақты тергеуге бағытталған барлық жедел-тергеу шарасы жүргізіліп жатыр", — делінген Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қосымша бөлімде ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт қаза тапқанын хабарлаған едік.
 
                        