Алматыда электросамокат жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен — полицейлер оны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы полициясы NUR.KZ тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Алматының Медеу ауданында электросамокат жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Бұл оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасы дереу тексеруді бастады. Құқық бұзушының жеке басы жақын арада анықталып, ол заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
 
                        