Қазақстанның бірнеше облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар кей өңірде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, екпіні күшті жел және тұман болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 16-18 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 16-18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 16 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 16 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 16 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 16 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 16 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.