Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин Ремизовка шағынауданында болған төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ильзат Акчурин бүгін жүк көлігінің қатысуымен болған жол апаты салдарынан жерүсті газ құбыры зақымданғанын хабарлады.
"15 қыркүйекте Ремизовка шағынауданында көптонналы Shacman жүк көлігі газ тірегін және ағашты соғып, соның салдарынан жерүсті газ құбыры зақымданды. Осыған байланысты 50 абонент пен "Көктем" шипажайы уақытша газсыз қалды. Оқиға орнында "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Алматы өндірістік филиалының апаттық қызметі жұмыс істеп жатыр, 2 арнайы техника тартылған", — деп мәлімдеді әкім кеңесшісі.
Оған қоса жолға дизель отыны төгіліп, өрт қаупін күшейтіп отырғаны белгілі болды.
"Жолға төгілген дизель отыны өрт қаупін күшейтіп отыр. Сол себепті қалпына келтіру жұмыстары ертең, 16 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмысты "Строй Сервис Холдинг" серіктестігі "QAZAQGAZ AIMAQ"-пен бірлесіп атқарады", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Бостандық ауданында жүк көлігі газ құбырының тірегіне соғылып, артынан аударылып қалғанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз