Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінң қызметіне келесі міндеттер қосылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу.

Сонымен қатар, министрлік ҚР шетелдегі мекемелері арқылы ҚР азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу және азаматтыққа тиесілігін (немесе тиесілі еместігін) айқындау қағидаларын әзірлеу мен бекіту жұмыстарымен айналысатыны нақтыланады.

Қаулы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап күшіне енді.