Ғалымдар ондаған жыл бойы иттердің адамның мазасыздық пен депрессиямен күресуіне қалай көмектесетінін зерттеп келеді – нәтижелері шынымен әсерлі. Үй жануарын асырау "бақыт гормондарының" (серотонин мен окситоциннің) деңгейін арттырып, стресс гормоны кортизолды төмендететіні анықталды.
Дәрісіз көмек
Мысалы, депрессияға түскен адам көбіне тұйықталып қалады. Ал ит бұл тұйық шеңберден шығуға мәжбүр етеді: итпен серуендеу керек, қимылдау керек, көршілермен амандасу керек. Итпен небәрі 15 минут ойнаудың әсері — спортпен айналысқанмен бірдей: дофамин бөлініп, көңіл-күй көтеріледі, мазасыздық азаяды.
Тағы бір қызық дерек: 1980 — жылдары америкалық дәрігерлер инфаркт алған науқастардың ит асыраса, тезірек сауығатынын байқаған. Содан бері иттерді оңалту бағдарламаларына жиі қосатын болған.
Иттер адамның эмоциясын қалай сезеді және мазасыздықты қалай азайтады?
Көптеген зерттеулер иттердің иесінің көңіл-күйін сезетінін дәлелдеген:
- егер иесі көңілсіз болса – ит жанына келіп, тыныш жатады;
- егер иесі қуанышты болса – ит те белсенді болып, ойнай бастайды;
- егер иесі мазасызданса – ит жанынан бір елі шықпайды.
Әртүрлі шолулардың нәтижесі бойынша, ит ұстаушылар психологқа сирек жүгінеді.
Hi-News.ru сайтының жазуынша, ит иесін сырт келбетіне, табысына не көңіл-күйіне қарамастан шын жүректен жақсы көреді. Бір қызығы адамның да үй жануарына деген махаббаты өлшеусіз.
Сол себепті де нәтижелер таңғалдырады:
- мазасыздық айтарлықтай азаяды,
- ұйқы сапасы жақсарады,
- күйзеліске төтеп беру қабілеті 2 есе артады,
- жүрек талмасының қаупі едәуір төмендейді.
Бұған дейін "Тиін терапиясы" деген не екенін жазғанбыз. Сілтеме арқылы оқи аласыз.