Үкіметтің 2025 жылғы 15 тамыздағы қаулысымен Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрліктің бірқатар функциялары жаңа редакцияда енгізіледі:
- қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
- қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
- өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асыру:
- қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
- Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- экспорттық саудалық қаржыландыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру тетіктерін пайдалану;
- өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асыру:
- олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;
- сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, қазақстандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
- қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
- өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
- өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
- тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту.
- тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) тауарды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асыру.
Қаулы 2025 жылғы 26 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.