Мемлекет басшысы Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалған.

Бұдан бөлек, 60-қа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда.

Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды.

Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.

Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз