Президент ауыл шаруашылығына бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлініп отырғанын да атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға және мал шаруашылығын жүйелі дамытуға шақырды.

"Жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленеді. Бұл құжат ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаржыландыруға жол ашады. Біз тек жаппай цифрландыру арқылы экономиканың барлық саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете аламыз. Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны жедел енгізу қажет. Егін және мал шаруашылығындағы барлық үдерістерді бақылау үшін цифрлық тәсілдерді қолдану маңызды. Бұл жұмысты ІТ-бизнес өкілдерімен бірлесе атқарған жөн", – деді Мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттіктері кеңейді


Президент ауыл шаруашылығына бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлініп отырғанын да атап өтті.

"Әрбір атқарылған іс пен қабылданған шара нақты нәтиже беруі керек. Мемлекет адал еңбек етіп жүрген диқандарға әрдайым қолдау көрсетеді. Ауыл шаруашылығы саласы менің ерекше бақылауымда, оған баса мән беремін. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дейді халқымыз. Сондықтан бірлесе отырып, осы маңызды науқанды уақытында әрі табысты аяқтаймыз деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.