Финалда Қазақстанмен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген автопилоттар да бақ сынады.
Алматыдағы СТК "Sokol" автодромында дрифт маусымының қорытынды кезеңі – Gorilla Drift Ultimate Night Fight шарасы өтті. Оған бұған дейінгі кезеңдердің бәрін еңсерген 40 автопилот қатысса олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның автожүргізушілері болды. Оған қоса, көрермендер 16 кәсіби дрифт-пилот қатысқан бірегей кешкі шоуды да тамашалады.
Айта кетейік, пилоттар 6 миллион теңгені құрайтын жүлдеге таласты.
"Дрифт қазірдің өзінде Қазақстан мәдениетінің бір қырына айналды. Бұл маусым қазақстандық дрифттің қаншалықты жоғары деңгейге жеткенін айқын көз жетті. Жаңа Action Show форматы биылдың есте қалар ерекше шоуы болса, алдағы уақытта біз экстримді жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз", – деді Gorilla Asia компаниясының спорт және мәдениет бөлімінің жетекшісі Александр Кучура.
Дрифт жарысында келесі адамдар мен командалар жеңіске жетті:
Ultimate Night Fight:
- Александр Бочкарев / Nissan 200sx;
- Андрей Челушкин / Nissan Silvia s13;
- Олег Хридочкин / Nissan 180sx.
Street Legal:
- Евгений Чуматиди / Mercedes c500;
- Антон Богданов / Nissan 200sx;
- Сергей Овсянников / Toyota gt86.
Командалық есеп:
- No sponsors drift team / 375;
- Дрифтанутые / 321;
- Дрифтанутые Motorsport / 254.
"Біз дрифт әуесқойларын тек ресми жарыстарға, арнайы дайындалған және сертификатталған трассаларда өтетін жарыстарға қатысуға шақырамыз. Бұл өмірге қауіп төндірмей, жылдамдық пен экстремалды көлік жүргізуден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ал қаланың іші – мүлде жарыс алаңы емес", – деді шара ұйымдастырушы Антон Авдеев.