Оның ішінде тамыз айында 5,3 млрд теңге сомасын 29,2 мың адам алды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл басынан бері баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақымен жалпы сомасы 570,7 млрд теңгеге 443 мың адам қамтылды
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 41,7 млрд теңге сомаға 230,8 мың адам қамтылды, оның ішінде тамыз айында 5,3 млрд теңге сомасын 29,2 мың адам алды.
Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 29,1 млрд теңге сомасында орта есеппен 124,3 мың адам қамтылды, оның ішінде тамыз айында 3,7 млрд теңге сомасын 125,8 мың адам алды.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
2025 жылдың 8 айында бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем 289,3 млрд теңгеге 170,4 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде төлем тамыз айында 19,6 мың алушыға тағайындалды, төлемнің сомасы мамыр айында 35,1 млрд теңгені құрады. 8 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 87 849 теңге.