"К" есімді директор 3 жылға, ал "Т" есімді бас инженер 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС директоры мен бас инженері мемлекеттік қаржыны ірі көлемде жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, аталған тұлғалар сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаржыны иемденген.
"К" есімді директор 3 жылға, ал "Т" есімді бас инженер 2 жылға бас бостандығынан айырылды. "Мұндай істердің салдары тек материалдық залалмен шектелмейді. Ең алдымен, ол мемлекеттік билікке деген сенімге нұқсан келтіреді. Үкім 2025 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді", – делінген прокуратура хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Петропавлда сот қаза болған мемлекеттік қызметкердің отбасына 34 млн теңге өтемақы төлеуді міндеттеді
Ведомство атап өткендей, "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын иемденуі немесе ысырап етуі қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу болып саналады және қатаң жазаланатынын еске салады.