Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Сәлімбаев бұған дейін Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің директоры болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз