Португалияның "Спортинг" командасының бас бапкері қазақстандық "Қайратты" жеңгеннен кейін ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында Португалияның "Спортингінен" сырт алаңда ойсырай жеңілгенін хабарлаған едік. Матч 4:1 есебімен, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Ойыннан кейін "Спортинг" бас бапкері Руй Боржеш қарсылас команда туралы ойын айтты.
"Бұл біздің бірінші жеңісіміз, турнир басында үш ұпай алдық. Қарсыласымыздың мотивациясы жоғары болды. Екінші таймда ойын тізгінін жоғалтып алдық, жағдай қауіпті болды. Матчтың басында гол соғылмауы да командада біраз алаңдаушылық тудырды. Қарсыласымызға екінші таймда өз күшіне сенуіне мүмкіндік бердік. Біз содан кейінгі 15 минутта ғана өз-өзімізге ұқсадық.
"Жалпы кезеңде біз үшін гол соғудан гөрі жеңіс маңыздырақ. Кейде командалар тосын сый жасап жатады. Әрине, 4:1 есебімен жеңіске жету жақсы, бірақ ең бастысы жеңіске жету, біз оны істедік", — деді Руй Боржеш.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз