2025 жылдың 19 қыркүйегінде елдің бірқатар өңірлерінде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің дерегінше, ҚМЖ Ақтөбе мен Көкшетауда, сондай-ақ түнде – Атырау мен Қостанайда күтіледі.
Қолайсыз метеожағдай штиль, әлсіз жел, тұман немесе инверсия кезінде пайда болып, зиянды заттардың жер бетіне жақын ауа қабатында жиналуына ықпал етеді.
Мамандар тұрғындарға:
- көшеде ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен өнеркәсіп орындарының маңында сақ болуға;
- тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы барларға, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқатпен ауыратындарға қажетті дәрілерді өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
Бұған дейін "Қазгидромет" 19 қыркүйекте Қазақстанның бір облысында –2°С-қа дейінгі үсік күтілетінін хабарлаған еді.