Айдос Сұлтанғали хорватиялық Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатының фмналына жеткен бірінші қазақстандық балуан болды. Отандасымыз енді алтын үшін таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Айдос Сұлтанғали жартылай финалда грузиялық Амиран Шавадземен кездесті.
Қазақстандық балуан белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Айта кетейік, Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев жұбаныш белдесуде венгриялық Роберт Фричке есе жіберіп, әлем чемпионатының жүлдесінен тыс қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз