19 қыркүйек күні аты аңызға айналған Backstreet Boys бойз-бенді алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазнетте шоу кезінде түсірілген кадрлар пайда болды. Орталық стадиондағы атмосфера өте әсерлі болып жатыр деп атап өтілуде. Жанкүйерлер әншілермен бірге сүйікті шығармаларын қоса шырқап, би билеуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұған дейін хабарланғандай, америкалық Backstreet Boys тобының екі солисі – Ник Картер мен Эй Джей Маклин Алматыға 18 қыркүйек күні таңертең ұшып келген.

Топтың екінші концерті 21 қыркүйекте Астанада өтеді.