Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады. Президенттің құттықтауы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол — грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!", – деп жазды мемлекет басшысы.
Айта кетейік, қазақстандық грек-рим балуаны Айдос Сұлтанғали Загребте өткен әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Ол финалда Азияның қазіргі вице-чемпионы өзбекстандық Әлішер Ганиевті жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы болды.
Сұлтанғали – грек-рим күресінен XXI ғасырдағы қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы. Бұған дейін мұндай атақты қазақ балуандары Юрий Мельниченко (1994, 1997), Мхитар Манукян (1998, 1999) және Бахтияр Байсейітов (1998) жеңіп иеленген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз