Филиппин астанасы Манилада елдегі биліктің сыбайлас жемқорлық схемасына байланысты жаппай наразылықтар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian мәліметіне сүйенсек, "Триллион песо шеруі" деп аталатын акция миллиардтаған долларлық сыбайлас жемқорлық схемасы ашылғаннан кейін басталды. Шенеуніктердің су тасқынымен күресу үшін инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген қаражатты жымқырғаны белігілі болды.
Over a hundred thousand protesters marched across Metro Manila and some provincial cities yesterday to vent their anger over a ballooning scandal involving bogus flood-control projects that are estimated to have cost taxpayers well over P100 billion.
More info:… pic.twitter.com/7sGmW7LDSn
— Manila Standard (@mnlstandardph) September 22, 2025
Митингке 100 мыңнан астам адам қатысты. Олар биліктегілерді жауапқа тартуды және активтер туралы есептерді ашық жүргізуді талап етті.
IN PHOTOS: Masked protesters set a trailer truck, a police motorcycle, and paraphernalia on fire as expression of their indignation against the widespread corruption in the government’s flood control projects yesterday, September 21.
Photos by Bernadette Anne Morales/Bulatlat pic.twitter.com/wqqmqSPPHr
— Bulatlat (@bulatlat) September 22, 2025
Бетперде киген наразылық білдірушілер құқық қорғау органдарына бөтелкелер лақтырып, көліктердің дөңгелектерін өртеп жіберді. Полиция арасында зардап шеккендер бар.
Акциялар елдің басқа аймақтарында, соның ішінде Багиода да өтті.
Бұған дейін Канада, Ұлыбритания және Австралия Палестинаның мемлекеттілігін мойындағанын жазғанбыз.