ҚР Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығымен жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттердің тізімін бекітті. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, жаңа тізімнің құрамы өзгерген жоқ. Бұрынғыдай 56 мемлекет енгізілген.
Тізімге кіретін мемлекеттер:
- Андорра Княздігі
- Антигуа және Барбуда
- Багам аралдары Достастығы
- Барбадос
- Бахрейн Корольдігі
- Белиз
- Бруней-Даруссалам
- Вануату Республикасы
- Гайана Кооперативтік Республикасы
- Гватемала Республикасы
- Гренада
- Джибути Республикасы
- Доминикан Республикасы
- Доминика Достастығы
- Испания Корольдігі (тек Канар аралдары аумағында)
- Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарында)
- Колумбия Республикасы
- Комор аралдары Одағы
- Коста-Рика Республикасы
- Малайзия (тек Лабуан анклавында)
- Либерия Республикасы
- Ливан Республикасы
- Маврикий Республикасы
- Мавритания Ислам Республикасы
- Португалия Республикасы (тек Мадейра аралдары аумағында)
- Мальдив Республикасы
- Маршалл аралдары Республикасы
- Монако Княздігі
- Мальта
- Солтүстік Мариан аралдары Достастығы
- Марокко Корольдігі (тек Танжер қаласы аумағында)
- Мьянма Одағы Республикасы
- Науру Республикасы
- Нидерланд Корольдігі (тек Аруба аралы мен Антиль аралдарының тәуелді аумақтарында)
- Нигерия Федеративтік Республикасы
- Жаңа Зеландия (тек Кук пен Ниуэ аралдары аумағында)
- Палау Республикасы
- Панама Республикасы
- Самоа Тәуелсіз Мемлекеті
- Сан-Марино Республикасы
- Сейшел аралдары Республикасы
- Сент-Винсент және Гренадиндер
- Сент-Китс және Невис Федерациясы
- Сент-Люсия
- Біріккен Корольдік (тек мына аумақтарында):
- Ангилья аралдары
- Бермуд аралдары
- Британдық Виргин аралдары
- Гибралтар
- Кайман аралдары
- Монтсеррат аралы
- Теркс және Кайкос аралдары
- Мэн аралы
- Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни)
- Оңтүстік Георгия аралы
- Оңтүстік Сандвич аралдары
- Чагос архипелагы
- Америка Құрама Штаттары (тек мына аумақтарында):
- АҚШ Виргин аралдары
- Гуам аралы
- Пуэрто-Рико Достастығы
- Вайоминг штаты
- Суринам Республикасы
- Танзания Біріккен Республикасы
- Тонга Корольдігі
- Тринидад және Тобаго Республикасы
- Фиджи Республикасы
- Филиппин Республикасы
- Франция Республикасы (тек мына аумақтарында):
- Кергелен аралдары
- Француз Полинезиясы
- Француз Гвианасы
- Черногория
- Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
- Ямайка
Заңнамаға сәйкес, жеңілдетілген салық салынатын мемлекет деп мына шарттарға сәйкес келетін ел немесе аумақ танылады:
- ондағы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 10%-дан төмен болса;
- қаржылық ақпарат құпиялығын қамтамасыз ететін заңдары бар болса немесе мүлік пен кірістің нақты иесін, заңды тұлғаның құрылтайшылары мен акционерлерін жасыруға мүмкіндік беретін заңдары болса.
Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.